"Оқушының қолынан Ахмет Байтұрсыновтың мысалдары" тақырыбындағы
2024 жылы 9 қыркүйекте 2 - 4 сынып оқушылары арасында “Ахмет Байтұрсынов мысалдары оқушы қылқаламынан” тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылар қазақ тіл білімінің атасы, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың «Аққу, шортан һәм шаян», «Қасқыр мен тырна», «Қарға мен түлкі», т.б. мысал өлеңдерін қылқаламмен бейнелеп көрсетуге тырысты. Оқушылар көрмеге үлкен шығармашылықпен қатысты. Оқушылардың шығармашылығын шыңдауға ықпал етіп, қолдау көрсеткен ата - аналарға алғысымызды білдіреміз.