Жеңіс күні құтты болсын тыл еңбеккерлері! С Днем Победы труженики тыла! » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 26" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№26 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 21-94-89
Есепші:
+7 (7232) 28-04-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жеңіс күні құтты болсын тыл еңбеккерлері! С Днем Победы труженики тыла!
07
мамыр
2022

Жеңіс күні құтты болсын тыл еңбеккерлері! С Днем Победы труженики тыла!

№ 26 орта мектебінің 5 «А» сынып оқушылары Тыл ардагері   Кумарова Шарбану Түгелқызын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.  Шарбану әжей сұрапыл соғыс кезінде бар жоғы 7 жаста болған екен. Бүлдіршін кезінен бастап масақ теріп, совхоздағы егістікте  ауылдың балаларымен бірге еңбек еткен.   Қалада Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектепте оқып,  зерек оқушы Педагогика институтының математика факультетінде жоғары  білім алған. Ұлан ауданының Сағыр ауылында 35 жыл математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған.Тыл ардагері Шарбану әжей кездесуге келген оқушыларға  сұрапыл күндердегі  елде қалған  белі де қатпаған бүлдіршіндердің тылдағы ауыр  еңбектері туралы айтты. Бүгінгі таңда Шарбану әжей  5 баланың анасы, ардақты әже, немере-шөберелерінің арасында ғұмыр кешуде. 
«Ешкім де, ештеңе де, ешқашан ұмытылмайды»  - бұл халық даналығы. Оқушылар  кездесуден үлкен әсер алды. Шарбану әжейге атқарған қызметтері үшін  мол да шексіз рахмет айтамыз! Сіздің алдыңызда бас иеміз!
С великим праздником - Днем Победы!