Единое Республиканское родительское собрание » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 26" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№26 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 21-94-89
Есепші:
+7 (7232) 28-04-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қыркүйек
2020

Единое Республиканское родительское собрание

17 сентября состоялось Единое Республиканское собрание родителей на тему «Организация дистанционного обучения».

«Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру» атты  тақырыппен 17 қыркүйекте бірыңғай жалпы республикалық ата-аналар жиналысы болып өтті. «№26 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  мұғалімдер ұжымы бұл жиналысты жоғары деңгейде ұйымдастыра білді.Ата-аналардың жиналысқа қатысу белсенділігі жоғары болды.

  Бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының барысында осы шараның мақсаты және күн тәртібіндегі сұрақтар таныстырылып өтті. 

Ата-аналар жиналысының мақсаты:коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.

 Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар: Қашықтан оқытуды жүзеге асыратын білім беру Интернет-платформасымен танысу. Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.Баланың оқу режимі және демалысы.Балалардың интернеттегі жұмысын ата-аналардың бақылауы  ережелерімен танысу. Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас психологиясы.

   Сынып жетекшілері жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысында қашықтықта оқытуда ата-ананың міндеттері, осы қашықтықтан оқытуда ата-ананың нені ескеруі қажет, сабақ өтіп жатқанда қандай ережелер сақтауы қажет екені айтылып өтті. Сынып жетекшілері барлық сұрақтарды презентация көрсету арқылы нақты , түсінікті түрде жеткізе білді.

  Ұжымның жоғары кәсіби біліктілігінің нәтижесіндей  жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өз деңгейінде өтті.