Қанатты достарымызды қорғау мақсатында 6Д сынып оқушылары мен сынып
Қанатты достарымызды қорғау мақсатында 6Д сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Хасенова Г.А экологиялық акцияға қатысты. Қыста оларға қар астынан дән тауып жеу өте қиын, сондықтан олар үйдің маңайына ұшып келеді. Балалар құстарға жемсауыт жасап, оған нанның қоқымын, жем салып қамқорлық көрсетеді. Мұндай шаралар балаларды рухани негізде экологиялық мәселелерді түсінуге , табиғат тағдыры үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.