11
мамыр
2026
7 «Д» сынып оқушылары сынып жетекшісі Гүлзат Ағзамбекқызымен 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында тыл ардагері, ардақты ұстаз Құмарова Шарбану әженің шаңырағына барып
7 «Д» сынып оқушылары сынып жетекшісі Гүлзат Ағзамбекқызымен 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында тыл ардагері, ардақты ұстаз Құмарова Шарбану әженің шаңырағына барып, мерекемен құттықтап қайтты.
Шарбану әже ұзақ жылдар бойы Ұлан ауданының Сағыр ауылында математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған. Ұстаздық жолында 35 жыл табанды еңбек етіп, көптеген шәкіртке білім мен тәрбие берген ардақты жан.
Кездесу барысында оқушылар әжеге ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Өз кезегінде Шарбану әже балаларға ақ батасын беріп, елін сүйетін, білімді де тәрбиелі азамат болып өсуге тілектестігін жеткізді.
Осындай тағылымы мол кездесулер жас ұрпақтың үлкенге құрмет, өткенге тағзым сезімін арттыра түседі.